Михаил Шайдоров Наурыз мерекесімен құттықтады (ВИДЕО)

Михаил Шайдоров Наурыз мерекесімен құттықтады (ВИДЕО)
Қысқы спорт

Михаил Шайдоров. Сурет: Сали Сабиров / ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Олимпиада чемпионы әлеуметтік желідегі парақшасында құттықтау жариялап, Ұлыстың ұлы күнінде халыққа бауырсақ ұсынды.

"Наурыз мейрамы құтты болсын! Осы тамаша мерекеде көңіл күй сыйлағаныма қуаныштымын", - деп жазды спортшы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.