Евгений Кошкин екінші жыл қатарынан "Күміс шар" жүлдесін иеленді
Қысқы спорт
Евгений Кошкин. Сурет: Сали Сабиров/ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының мүшесі Евгений Кошкин халықаралық "Күміс шар" турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Нидерландтың Леварден қаласында өткен бәсекенің 100 метрге жарысында отандасымыз үздік шықты. Евгений Кошкин аталған қашықтықты финалда 9.56 секундта жүгіріп өтті. Отандасымыз жарыстың іріктеу, жартылай финал және шешуші кезеңдерінің бәрінде мәре сызығын бірінші болып кесті.
Мұз айдын иесі Стефан Вестенбурк екінші орын алса, үзідк үштікті тағы бір Нидерланд өкілі Мац ван Де Бос түйіндеді.
Айта кетейік, Евгений Кошкин былтыр да дәл осы турнирде топ жарып, "Күміс шар" жүлдесін иеленген алғашқы қазақстандық атанған еді.