Конькимен жүгіруден ел чемпиондары анықталды
Кристина Силаева. Сурет: Сали Сабиров, ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Астана қаласында конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні 500 және 1500 метр қашықтықтарында жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
500 метр, ерлер:
1. Артур Галиев (Астана)
2. Евгений Кошкин (Алматы)
3. Алтай Жәрдембекұлы (Астана)
500 метр, әйелдер:
1. Кристина Силаева (Астана)
2. Кристина Шумекова (Солтүстік Қазақстан облысы)
3. Арина Ильященко (Павлодар облысы)
1500 метр, ерлер:
1. Нұралы Ақжол (Астана)
2. Роман Биназаров (Қостанай облысы)
3. Александр Кленко (Қостанай облысы)
1500 метр, әйелдер:
1. Арина Ильященко (Павлодар облысы)
2. Мария Деген (Қостанай облысы)
3. Анастасия Беловодова (Абай облысы)
Қазақстан чемпионаты 19 наурызға дейін жалғасады.