Елена Рыбакина Мадридтегі турнирді мерзімінен бұрын аяқтады
Теннис
Zakon.kz
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан беделді турнирдегі өнерін 1/8 финалда аяқтады.
Әлемнің екінші ракеткасы саналатын қазақстандық теннисші осы кезеңде австриялық Анастасия Потаповамен кездесіп, екі сет қорытындысы бойынша жеңіліп қалды — 6:7, 4:6.
Осыған дейін Елена Рыбакина турнир барысында румыниялық Елена-Габриэла Русені 4:6, 6:3, 7:5 есебімен, ал қытайлық Чжэн Циньвэньді 4:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңген болатын.
Айта кетейік, Madrid Open турнирінде Рыбакина екінші нөмірмен тіркеліп, басты фавориттердің бірі саналған еді. Алайда күтпеген жеңіліс оның жарысты ерте аяқтауына себеп болды.