Әлем чемпионатының жұлдызы «Коло-Коломен» бірге Чили чемпионы атанды
beinsports.com
Кабо-Верде құрамасы сапында 2026 жылғы әлем чемпионатында ерекше көзге түскен қақпашы Возинья Чилиде «Коло-Коло» командасы құрамында үш тур бұрын маусымның жеңімпазы болды, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
Ел чемпионы соңғы турда «Ньюбленсе» (2:1) командасын қапы қалдырып, бас жүлдеге қол жеткізді. Кездесудің 90+7-ші минутында Возинья қарсыластың жойқын соққысын қайтарып, керемет сейв жасау арқылы командасының жеңісті есебін сақтап қалды. Содан кейін төрешінің ысқырығы естіліп, «Коло-Коло» ресми түрде Чили чемпионы атағын жеңіп алды.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатында Испаниямен матчта тамаша өнер көрсетіп, бір түнде жаһандық жұлдызға айналған ардагер қақпашы осы жазда ғана «Коло-Коло» сапына ауысқан болатын. Бұл – оның өз отанынан тыс жерде жеңіп алған алғашқы чемпиондық атағы.
Бұл маусымда Жозима́р Жозе́ Э́вора Ди́аш чилилік команда сапында 5 матчқа қатысып, 4 гол өткізіп, бір кездесуде қақпасын құрғақ сақтады. Бұған дейін ол Кабо-Верде чемпионатынан өзге елде мұндай табысқа жеткен жоқ.
Возинья 1986 жылы 3 маусымында Кабо-Верденің Минделу қаласында дүниеге келген. 2009 жылдан бері өз елінде, Ангола, Молдова, Португалия, Словакия елдерінде ойын көрсетті.
2012 жылдан бері Кабо-Верде құрамасы сапында 92 кездесуде 96 гол жіберді. 2026 жылғы әлем чемпионатына африкалық құрама тұңғыш рет қатысып, 1/16 финалға дейін жетті. Олар Н тобында Испания және Сауд Арабиясымен 0:0, Уругваймен 2:2 есебімен тең ойнап, өз тобында екінші орын алды.
Ал 1/16 финалда Аргентинамен 2:2 есебімен тең түсіп, қосымша кезеңде қарсыласына жол берді.