«Ақтөбе» футбол клубын жаңа маусымда кім жаттықтырады
«Ақтөбе» футбол клубы
«Ақтөбе» футбол клубының басшылығы ресейлік және тәжікстандық маман Игорь Черевченконы келесі маусымда да бас бапкер лауазымында алып қалатынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
«Серый CARDINAL» телеграм-арнасының таратқан мәліметіне сүйенсек, маусым аяқталған соң бапкердің тағдырына қатысты туындаған күмән сейілді. Жергілікті клуб оған толықтай сенім артып отыр және оны ешкіммен ауыстыруды жоспарламаған.
Таяуда Черевченконың тізесіне хирургиялық ота жасалады. Осыған байланысты, оның желтоқсан айында Түркияда өтетін маусымаралық алғашқы оқу-жаттығу жиындарына (ОЖЖ) қатысу-қатыспауы отаның күрделілігіне тікелей байланысты болмақ. Клуб басшылығы егер бапкер Түркияға бара алмай қалса, бұл тек медициналық себептерге ғана байланысты екенін алдын ала ескертіп, жанкүйерлерді қауесет сөздерге сенбеуге шақырды.
Аяқталған Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) қорытындысы бойынша «Ақтөбе» 49 ұпай жинап, турнирлік кестеде тек 5-орынға тұрақтады. Бұл нәтиже жанкүйерлер тарапынан «кезекті сәтсіздік» ретінде қабылданғанымен, басшылық тұрақтылықты сақтауды жөн көрді.