«Ордабасы» қызылордалық «Қайсарды» жеңіп, Қазақстан кубогын иеленді
«Ордабасы» ФК
Қазақстан кубогының финалында шымкенттік команда Қызылорданың «Қайсар» клубын 4:1 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
Шешуші кездесу Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында өтті. Бұған дейін «Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанған болатын. Шымкенттік ұжым ел біріншілігін 68 ұпаймен аяқтап, екінші орын алған алматылық «Қайраттан» үш ұпайға озып шықты.
Айта кетейік, «Ордабасы» бұған дейін Қазақстан чемпионаты мен ел Кубогын әр жылдары жеңіп алған. Атап айтқанда, команда 2023 жылы алғаш рет ел чемпионы атанса, 2011 және 2022 жылдары Қазақстан Кубогын иеленген.
Ал биыл шымкенттік клуб екі бірдей маңызды трофейді бір маусымда жеңіп алып, тарихи жетістікке қол жеткізді.