Жасөспірімдер Олимпиадасы: Қазақстандық велошабандоз топтық жарыста үздік ондыққа енді

Жасөспірімдер Олимпиадасы: Қазақстандық велошабандоз топтық жарыста үздік ондыққа енді
Басқа

olympic.kz

Қазақстандық велошабандоз Әнел Тәшбай Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында тасжолдағы велоспорттан топтық жарысқа қатысты, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Отандасымыз 1 сағат 31 минут 19 секунд нәтижемен мәре сызығын жетінші болып кесті. Ресей спортшысы Ангелина Новолодская жеңімпазы атанды. Аустралиялық Элси Аппс екінші орын алса, чехиялық Линда Ситкова қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, алғашқы 20 спортшы мәре сызығын бірдей уақытта кесті. Сондықтан қорытынды орындар спортшылардың мәреге келу ретіне қарай анықталды.