Еурокубок ойындарына Қазақстан атынан қай командалар қатысады

Еурокубок ойындарына Қазақстан атынан қай командалар қатысады
Футбол

«Оқжетпес» ФК

Қазақстан атынан 2027/28 жылғы маусымда еурокубоктарда өнер көрсететін төрт команда белгілі болды. Олар – «Ордабасы», «Қайрат», «Астана» және «Оқжетпес», деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Шымкенттік «Ордабасы» Қазақстан кубогының финалында қызылордалық «Қайсарды» 4:1 есебімен жеңіп, ел чемпионаты мен кубогын қатар иеленді. Осылайша команда маусымды екі бірдей ірі жүлдемен аяқтады.

Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанған «Ордабасы» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатысады. Ал қалған үш команда Конференциялар лигасының іріктеуінде бақ сынайды. 

Қазақстанның еурокубоктардағы өкілдері: «Ордабасы» – Чемпиондар лигасы (68 ұпай). «Қайрат» – Конференциялар лигасы (65 ұпай). «Астана» – Конференциялар лигасы (54 ұпай). «Оқжетпес» – Конференциялар лигасы (54 ұпай).

«Ордабасының» Қазақстан кубогын жеңіп алуы «Оқжетпеске» тиімді болды. Көкшетаулық клуб ел чемпионатында 4-орын алғанымен, шымкенттіктердің кубоктағы жеңісінің арқасында еурокубокқа жолдама иеленді. Қазақстандық төрт команда да Еуропадағы ойындарын 2027 жылдың жазында іріктеу кезеңдерінен бастайды. Қарсыластары УЕФА жеребесінен кейін белгілі болады.