Қазақстандық мерген нысана көздеуден әлем чемпионатының финалына жолдама алды
Басқа
ҰОК
Қазақстан құрамасының спортшысы Александра Ле Дохада (Қатар) өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Отандасымыз 50 метр қашықтықтан шағын калибрлі мылтықпен үш қалыпта нысана көздеуден сынға түсті. Александра Ле іріктеу кезеңінде 590 ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтады. Осылайша, ол үздік сегіз спортшының қатарына кіріп, финалға жолдама алды. Іріктеу кезеңінде ең жоғары нәтижені 597 ұпай жинаған Ұлыбритания өкілі Сеонайд Макинтош көрсетті. Екінші орынды норвегиялық Жанетт Хегг Дуэстад (594 ұпай) иеленсе, үшінші орынға сербиялық Александра Стоядинович (593 ұпай) жайғасты.
Айта кетейік, финалдық кезең бүгін, 9 қарашада өтеді.