Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Венгриядағы турнирде үздіктер қатарынан көрінді

Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Венгриядағы турнирде үздіктер қатарынан көрінді
Теннис

ҰОК

Сомбатхей қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық жасөспірімдер турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

U15 жас санатында қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова қола жүлдегер атанды. Жәния жарыс барысында Венгрия, Молдова, Польша және Румыния спортшыларын жеңіп, жартылай финалға шықты. Алайда шешуші кезеңге жолдама беретін кездесуде Қатар өкіліне есе жіберіп, турнирді қола жүлдемен аяқтады.