Қазақстан жағажай волейболынан жасөспірімдер Олимпиадасының 1/8 финалына жолдама алды

Қазақстан жағажай волейболынан жасөспірімдер Олимпиадасының 1/8 финалына жолдама алды
Басқа

ҰОК

Қазақстандық жағажай волейболшылары Оразалы Сағыныш пен Әлихан Ағабек Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының топтық кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Қазақстандық жұп С тобындағы ойындарды екінші орынмен аяқтады. Топтық кезеңнің соңғы кездесуінде отандастарымыз Аустралия өкілдері Райан Эдгар және Томас Тёрнермен кездесті. Бұл ойында қазақстандықтар 0:2 (15:21, 16:21) есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Қазақстан құрамасы топта екінші орын алып, Олимпиада ойындарының плей-офф кезеңіне шықты. Жасөспірімдер Олимпиадасының 1/8 финалындағы қарсыластары кейінірек белгілі болады.