Гран-при кезеңі: Самоделкина қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша үздік бестікке енді
Қысқы спорт
ҰОК
Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Келоуна қаласында (Канада) өтіп жатқан Гран-при сериясының екінші кезеңінде қысқа бағдарламасын орындады, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Отандасымыз төрешілердің шешімімен 71,84 ұпай еншілеп, әзірге бесінші орында тұр. Жарыста жапониялық Мао Симада 82,11 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында америкалық Изабо Левито (78,50), ал үздік үштікті эстониялық Нина Петрыкина (77,24) түйіндеді.
Қатысушылар еркін бағдарламаны Астана уақытымен 2 қарашаға қараған түні орындайды.