Жасөспірімдер Олимпиадасы: Қазақстан волейболдан екінші жеңісіне қол жеткізді
Басқа
ҰОК
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жағажай волейболынан Дакар қаласында (Сенегал) өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Кезекті ойында Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныштан құралған қазақстандық жұп Гана өкілдері Джастис Амоафо мен Даниэль Лартимен кездесті.
Отандастарымыз қарсыластарынан екі сетте басым түсті. Алғашқы сет 21:19 есебімен аяқталса, екінші кезеңде 21:13 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш жасөспірімдер Олимпиадасындағы екінші жеңісіне қол жеткізді.
Бұған дейін топтық кезеңде Сауд Арабиясының құрамасынан басым түскен болатын.