Ризабек Айтмұхан Астанадағы әлем чемпионатында Садулаевтан жеңілді
Жекпе-жек
ҰОК
Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіліс тапты, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз іріктеу кезеңінде Олимпиаданың екі дүркін, әлемнің алты дүркін чемпионы, Ресей өкілі Абдулрашид Садулаевпен кездесті.
Нәтижесінде Ризабек Айтмұхан қарсыласына 4:1 есебімен жол берді.