Балуан Алтын Шагаева әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Балуан Алтын Шагаева әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Жекпе-жек

ҰОК

Қазақстандық балуан Алтын Шагаева Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында тағы бір жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.

Әйелдер күресінен 59 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз ширек финалда Польша өкілі Йовита Мария Вжесеньмен кездесіп, қарсыласын 5:1 есебімен жеңді. Осылайша Алтын Шагаева әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

Айта кетейік, бұған дейін Өсімжан Дастанбек еркін күрестен 65 келі салмақтың 1/8 финалында армениялық Вазген Теванянға жол берген еді.