Forbes 2022 жылдың табысты спортшыларының тізімін жариялады

Forbes 2022 жылдың табысты спортшыларының тізімін жариялады
Басқа

Әлемге танымал “Forbes” журналы 2022 жылы ең көп табыс тапқан спортшылардың тізімін жариялады. Тізімде футболшыларға қарағанда, баскетболшылар көп. Көш басын Катардағы әлем чемпионатының жеңімпазы аргентиналық Лионель Месси бастады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Франциялық “ПСЖ” клубының шабуылшысы өткен жылы 108 млн фунт табыс тапқан. Оның ізін 101 млн фунт табыс алған ҰБА “Лос-Анджелес Лейкерс” ойыншысы Леброн Джеймс жалғады. Ал үшінші орынға жақында ғана “Әл-Наср” клубымен футбол тарихындағы ең қымбат келісімшартқа қол қойған португалиялық  Криштиану Роналду жайғасты - 96 млн фунт. 

2022 жылы ең көп табыс тапқан ТОП-10 спортшының тізімі келесідей: 

1. Лионель Месси - 108 млн фунт

2. Леброн Джеймс - 101 млн фунт

3. Криштиану Роналду - 96 млн фунт

4. Неймар - 79 млн фунт

5. Стефен Карри - 77 млн фунт

6. Кевин Дюрэнт - 77 млн фунт

7. Роджер Федерер - 75 млн фунт

8. Канело Альварес - 75 млн фунт

9. Том Брейди - 70 млн фунт

10. Яннис Адетокумбо - 67 млн фунт