Күйеу бала қайын атасына қарсы ойнайды: “Қайрат” өз алаңында Самат Смақовтың клубын қабылдайды

Күйеу бала қайын атасына қарсы ойнайды: “Қайрат” өз алаңында Самат Смақовтың клубын қабылдайды
Футбол

Қайрат ФК

5 қазан күні Алматының Орталық стадионында өтетін Премьер-лиганың 24-туры аясындағы «Қайрат» пен «Жетісу» арасындағы кездесу жанкүйерлер үшін әдеттегіден де қызықты болайын деп тұр.

Мәселенің мәні — «Жетісудың» бас бапкері Самат Смақов қазақ футболының аңыз ойыншысы ғана емес, сонымен бірге жеке өміріне байланысты да көп талқылануда.

Себебі «Қайраттың» 18 жасар жас қақпашысы Шерхан Қалмырза Смақовтың қызымен көңіл жарастырғаны белгілі. Осылайша алдағы матч «күйеу бала мен қайын атаның» текетіресі ретінде де қарастырылып отыр.

Айта кетелік, Шерхан «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы тарихи кездесуде негізгі қақпаны күзетіп, жанкүйерлер назарын өзіне аударған болатын. Матч 5 қазан күні, сағат 16:00-де басталады.