Жәнібек Әлімханұлы желтоқсанда үш титул үшін жекпе-жек өткізеді

Жәнібек Әлімханұлы желтоқсанда үш титул үшін жекпе-жек өткізеді
Бокс

x.com/Janibek Alimkhanuly

Орта салмақтағы WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жыл соңында WBA белбеуінің иегері Эрисланди Ларамен кездесіп, үш титулды біріктіруге таласады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Жекпе-жек АҚШ-та өтеді деп күтілуде. Ол PBC компаниясының PPV форматындағы шоуы аясында Айзек Круз – Ламонт Роуч жекпе-жегімен бірге ұйымдастырылмақ. Дәлірек айтсақ, жекпе-жек 6 желтоқсанда (Қазақстан уақытымен 7 желтоқсан таңертең) өтеді. 

Айта кетейік, Жәнібек соңғы рет 5 сәуірде Астанада шаршы алаңға шығып, франциялық Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутқа түсірген. Ал Эрисланди Лара 2023 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста америкалық Дэнни Гарсияны мерзімінен бұрын жеңген еді.