Президент Динара Сәдуақасованы құттықтады

Президент Динара Сәдуақасованы құттықтады
Басқа

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев рапидтен әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізген,Динара Сәуақасованы құттықтады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Мемлекет басшысы Қазақстан шахматшыларының әлем чемпионатындағы жетістіктері еліміз үшін үлкен мақтаныш екенін атап өтті. Оның айтуынша, спортшыларымыздың халықаралық турнирлердегі әрбір жеңісі осы спорт түрімен айналысатын жастарды қанаттандырады және бұл Қазақстан шахмат мектебінің деңгейі жоғары екенін көрсетеді.
Президент дарынды шахматшыға талмай еңбек етіп, жеңістен жеңіске жете беруіне тілектестік білдірді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Алматыда өтіп жатқан осы әлемдік сайыста жоғары нәтиже көрсеткен Жансая Әбдумәлікке де ізгі тілегін жолдады.
Еске салайық, кеше рапидтен әйелдер арасындағы қорытырды турда қытайлық қарсыласына жол берген Динара Сәдуақасова әлем чемпионатының күміс медалін иеленді. Ал Жансая Әбдумәлік осы бәсекенің үздік бестігін түйіндеген болатын.