Санжар Тәшкенбай – екі дүркін әлем чемпионы атанды

Санжар Тәшкенбай – екі дүркін әлем чемпионы атанды
Бокс

KBF

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық Санжар Тәшкенбай алтын жүлдеге қол жеткізді.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Тәшкенбай финалда моңғолиялық Баттулга Алдархишигпен кездесті. Қазақ боксшысы жекпе-жек барысында айқын басымдық танытып, 5:0 есебімен жеңіске жетті. 

Осылайша, ол Қазақстан құрамасына аталған біріншіліктегі алғашқы алтынды сыйлады. Айта кетейік, Санжар жартылай финалда кубалық Алехандро Кларо Фискені тежеп, финалға жолдама алған болатын.

Бұл жеңісімен Санжар Тәшкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанып, ел тарихында осындай атаққа қол жеткізген Серік Сәпиевтен кейінгі екінші қазақстандық боксшы атанып отыр. 

Қазіргі сәтте Қазақстан құрамасының еншісінде 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль бар.