Әлем чемпионаты: бүгін сегіз боксшымыз алтынға таласады

Әлем чемпионаты: бүгін сегіз боксшымыз алтынға таласады
Бокс

KBF

Бүгін, 14 қыркүйекте Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының соңғы жарыс күні. Жаһандық доданың финалдық кездесулерінде Қазақстан құрамасынан бірден сегіз боксшы шаршы алаңға шығады. 

Күндізгі сессия (басталуы 16:00)

Алғаш болып рингке ұлттық құрама көшбасшысы, 48 келі салмақ дәрежесінде сынға түсетін Назым Қызайбайшығады. Ол финалда үндістандық Минакшимен күш сынасады.

Одан кейін 50 келі салмақта жастар арасындағы әлем чемпионы, Қазақстанның жас жұлдызы Санжар Тәшкенбай моңғолиялық Алдархишиг Баттулгамен кездеседі.

Күндізгі сессияның соңғы жекпе-жегінде 55 келіде сынға түсіп жүрген Махмұд Сабырхан испандық Лозанна Серраноға қарсы шығады.

Кешкі сессия (басталуы 22:00)

Кешкі финалдық айқастарды 51 келіде өнер көрсететін Алуа Балқыбекова бастайды. Оның қарсыласы — түркиялық тәжірибелі боксшы Буси Наз Чакыроглу.

65 келі салмақта Аида Әбікеева өзбекстандық Навбахор Хамидовамен жекпе-жекке шығады.

Ал 70 келі салмақта екі қазақстандық спортшы шаршы алаңға шығады. Төрехан Сабырхан жапондық Севон Оказавамен кездессе, осы салмақта өнер көрсететін Наталья Богданова аустралиялық Лекейша Перголитимен жекпе-жекке шығады.

Кештің ең ауыр салмақтағы (+90 келі) финалында ұлттық құрама боксшысы Айбек Оралбай өзбек Жахонгир Зокировпен күш сынасады.