Назым Қызайбай әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бокс
KBF
Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Назым Қызайбай күміс жүлдегер атанды.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан ол Үндістан өкілі Минакшимен кездесіп, төрешілердің бөлек шешімімен (1:4) жеңіліс тапты. Осылайша, Назым Қызайбай Қазақстан құрамасына аталған біріншіліктегі алғашқы күміс медальді сыйлады.
Айта кетелік, әзірге Қазақстан боксшыларының еншісінде бір күміс, екі қола бар.
Алда әлі жеті боксшымыз алтынды сарапқа салады.