Сербиялық бапкер Синиша Михайлович өмірден өтті

Сербиялық бапкер Синиша Михайлович өмірден өтті
Футбол

"Торино", "Фиорентино" клубтарының және Сербия ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері сербиялық Синиша Михайлович 53 жасында дүниеден озды. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романы өз Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

2019 жылы бапкерге "лейкемия" диагнозы қойылған. Қанның қатерлі ісігімен ауырған маман ем алып, ауруының бетін қайтарған. Алайда 2022 жылдың көктемінде дерті қайта өршіген. 

Осы жылдардың бәрінде Синиша Миахйлович ауруына қарамастан, бапкерлік қызметін жалғастырып келді. 

Ол футболшы ретінде қорғаушы амплуасында ойнады. "Црвена Звезда", "Рома", "Лацио" (1998-2004) клубтары сапында өнер көрсетті. 2006 жылы кәсіби мансабын ("Интер") аяқтап, бапкерлік қызметке кірісті. Ал халықаралық деңгейде Синиша Михайлович Югославия, Сербия мен Черногория елдерінің намысын қорғады. 

Соңғы үш маусымда Михайлович "Болоньяның" тізгінін ұстап, 2022 жылы қызметінен кеткен болатын.