Алиби Идирис UFC-мен ресми түрде келісімшартқа отырды

Алиби Идирис UFC-мен ресми түрде келісімшартқа отырды
Жекпе-жек

NUR.KZ

Қазақстандық ММА файтер Алиби Идирис UFC-мен ресми түрде келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Bassport.kz UFC Roster Tracker дерегіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желідегі ұйым құрамындағы өзгерістерді қадағалайтын автоматтандырылған парақша мәліметінше, 33-маусымдағы The Ultimate Fighter реалити-шоуының финалисі енді әлемдегі ең ірі ММА-промоушеннің ресми файтері атанды.

Айта кетейік, Алиби Идирис (10–1) 17 тамызда АҚШ-тың Чикаго қаласында өткен UFC 319 турнирінде алғаш рет кәсіби мансабында жеңіліс тапты. Ол TUF финалында америкалық Джозеф Моралеске (14–2) екінші раундта ауырту тәсілі арқылы жеңіліп қалды. Осылайша Моралес маусым жеңімпазы атанып, UFC-мен келісімшартқа қол жеткізді.

Жеңіліске қарамастан, қазақстандық файтер де ұйым құрамына қосылып, алдағы уақытта UFC октагонында өнер көрсетпек.