ФИФА клубтық әлем чемпионатына ауқымды өзгерістер енгізбек

ФИФА клубтық әлем чемпионатына ауқымды өзгерістер енгізбек
Футбол

Vesti.kz

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) клубтық әлем чемпионатының форматына үлкен өзгерістер жасауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Bassport.kz.

The Guardian дерегінше, 2029 жылдан бастап турнир төрт жылда емес, екі жылда бір рет ұйымдастырылуы мүмкін. Сонымен қатар қатысушылар саны 32-ден 48 клубқа дейін көбейтіледі. Жарыстың деңгейін сақтау үшін бір елден екіден көп командаға қатысуға рұқсат беру мәселесі қарастырылуда.

Турнирдің ұзақтығы артатындықтан, достық кездесулер мен ұлттық құрамалардың маусым айындағы ойындарын тоқтату жоспарланып отыр. Бұл өзгерістер УЕФА Ұлттар лигасының күнтізбесіне де әсер етпек.

Айта кетейік, 2025 жылдың жазында АҚШ-та алғаш рет 32 команда қатысқан клубтық әлем чемпионаты өткен еді. Финалда Лондонның «Челсиі» Париждің «Пари Сен-Жерменін» 3:0 есебімен жеңген болатын.