ҚФФ «Елімайға» жанкүйерлердің әрекеті үшін жаза қолданды

ҚФФ «Елімайға» жанкүйерлердің әрекеті үшін жаза қолданды
Футбол

kff.kz

13 тамыз 2025 жылы Қазақстан футбол федерациясының Контрольдік, тәртіптік және этикалық комитеті кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz KFF.kz сайтына сілтеме жасап.

Премьер-лиганың 20-турында өткен «Елімай» — «Ақтөбе» кездесуінде семейлік клуб жанкүйерлері тәртіп бұзды. Олардың қолайсыз әрекеттері — алаңда алау қолдану және бас төрешіге қарсы балағат сөздер айту — тәртіптік ережелерге қайшы деп танылды.

Соған сәйкес, «Елімай» футбол клубына 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бұл сома 393 200 теңгені құрайды. Клуб аталмыш айыппұлды 2025 жылдың 13 қыркүйегіне дейін төлеуі тиіс.

Осылайша, ҚФФ тәртіп бұзған жанкүйерлер үшін жауапкершілікті клубтың өзіне жүктеп отыр.