Елена Рыбакина WTA рейтингінде алға жылжыды

Теннис
Zakon.kz
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жұптық рейтингінде өз позициясын жақсартты, деп хабарлайды Bassport.kz.
Жаңартылған тізім бойынша Рыбакина төрт сатыға көтеріліп, 271-орынға жайғасты. Айта кетейік, ол соңғы рет өткен айда Вашингтондағы турнирде британдық Эмма Радуканумен бірге өнер көрсеткен болатын. Жұп жартылай финалға дейін жетіп, қос спортшы бірдей ұпайға ие болып, 271-орынды бөлісіп тұр.
Сонымен қатар, мансабын қайта жалғастырған Галина Воскобоева да WTA жұптық рейтингінде қайта пайда болды. Ол бірден 26 орынға көтеріліп, қазір 512-сатыда орналасқан.
Бұл қазақстандық теннисшілер үшін оң өзгеріс болып, алдағы жарыстарға сенімді бастама болмақ.