Петропавлдағы «Қарасай» стадионы қымбат жөндеуден кейін су астында қалды

Петропавлдағы «Қарасай» стадионы қымбат жөндеуден кейін су астында қалды
Футбол

Петропавловск.news

Петропавлда жауыннан кейін «Қарасай» стадионын су басып, алаң жарамсыз күйге түсті, деп хабарлайды Bassport.kz Aladop.kz-ке сілтеме жасап.

16 тамыз күні мұнда Қазақстан Премьер-лигасының 21-турындағы «Қызылжар» – «Жеңіс» матчы өткен болатын. Айта кетейік, стадионның қайта жөндеу жұмыстары 2025 жылдың мамырында аяқталған еді. Жөндеу кезеңінде «Қызылжар» өз ойындарын Қостанайда өткізуге мәжбүр болды.

Жобаны ұсынған тараптар арена УЕФА талаптарына сай екенін және еурокубоктық ойындарға дайын екенін мәлімдеген. Алайда соңғы оқиғалардан кейін стадион сапасына қатысты үлкен күмән туындады.

Еске салсақ, «Қызылжардың» бұл алаңын жөндеуге мемлекеттік бюджеттен 2,5 миллиард теңге бөлінген.