Месси Аргентинадағы соңғы ресми ойынын өткізеді

Спорт-Экспресс
Сегіз мәрте «Алтын доп» иегері, «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси туған жерінде жанкүйерлерімен қоштасуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz аргентиналық БАҚ-қа сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, футбол аңызы 2026 жылдың 5 қыркүйегінде Буэнос-Айрестегі әйгілі «Эль Монументаль» стадионында ұлттық құраманың жейдесін соңғы рет киеді. Бұл күні Лионель Скалони шәкірттері 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Венесуэлаға қарсы алаңға шығады.
Кейін Аргентина сырт алаңда Эквадормен ойнайды. Бұл 38 жастағы капитан үшін соңғы іріктеу циклы болмақ. Дереккөз мәліметінше, Аргентинада басқа ресми матчтар жоспарланбаған, ал 2027 жылы тек жолдастық кездесулер өткізілуі мүмкін. Сондықтан Венесуэлаға қарсы ойын Мессидің Буэнос-Айрестегі соңғы ресми матчы болып қалауы ықтимал.
Бұл кездесу жанкүйерлер үшін тарихи оқиғаға айналатыны сөзсіз. Билеттерге сұраныс жоғары болады деп күтілуде, себебі жанкүйерлер сүйікті ойыншысын туған елінде ұлттық құраманың жейдесінде соңғы рет көруге мүмкіндік алады.
Месси 2026 жылғы әлем чемпионатына дейін өнер көрсетуді жалғастырады деп жоспарлануда. Алайда «Эль Монументальдағы» матч оның халықаралық мансабындағы ең маңызды әрі символдық кездесулердің бірі болмақ.