Елена Рыбакина әлемдік теннис тарихына енуі мүмкін

Елена Рыбакина әлемдік теннис тарихына енуі мүмкін
Теннис

Ulyssport.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-орын) биылғы US Open-2025 турнирінде рекордтық көлемде жүлде қоры үшін бақ сынамақ, деп хабарлайды Bassport.kz.

Бұл жолы жарыс жеңімпазы теннис тарихында алғаш рет 5 миллион доллар табыс табады. Жүлде қорының бөлінісі мынадай: финалға шыққан спортшы — 2,5 млн доллар, жартылай финалистер — 1,26 млн доллар, ширек финалда — 660 мың доллар, 1/8 финалда — 400 мың доллар, үшінші айналым — 237 мың доллар, екінші айналым — 154 мың доллар, ал бірінші айналымнан бастап-ақ 110 мың доллар табыс қарастырылған.

Айта кетейік, өткен жылы Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында сәтсіз өнер көрсеткен еді. Бірінші айналымда аустралиялық Дестани Айяваны (170-орын) 6:1, 7:6 есебімен ұтқанымен, екінші айналымда франциялық Джессика Поншемен (130-орын) кездесер алдында денсаулығына байланысты жарыстан бас тартқан болатын.

Бұл жолы Елена Рыбакина үшін US Open өзін дәлелдеудің әрі тарихқа ену мүмкіндігінің тамаша мүмкіндігі болмақ.