Бірінші арна кубогы: Қазақстан Беларусь құрамасымен кездеседі

Бірінші арна кубогы: Қазақстан Беларусь құрамасымен кездеседі
Хоккей

Бүгін Мәскеуде шайбалы хоккейден Бірінші арна кубогы басталады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бірінші жарыс күнінде Қазақстан Беларусь құрамасымен ойнайды. Матч Астана уақытымен 22:30-да басталады. 

Турнир 15-18 желтоқсан аралығында өтеді. Қазақстан құрамасының сапында алғашында құрамға қосылған қорғаушы Леонид Метальников пен шабуылшы Әлихан Әсетов жоқ екенін еске сала кетейік. Құрамдағы Метальниковтың орнын ешкім басқан жоқ, ал Әсетовтың орнына турнирге қатысуға Батырлан Мұратов мүмкіндік алды.