Қазақстан UFC тарихында алғаш рет тарихи жетістікке қол жеткізді

Қазақстан UFC тарихында алғаш рет тарихи жетістікке қол жеткізді
Жекпе-жек

Sportburo.kz

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дің салмақ дәрежесіне қарамастан жасалатын үздік файтерлер рейтингінің (P4P) топ-15 қатарына енді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Бұл жаңалық ұйымның соңғы жаңартылған тізімінен кейін белгілі болды. Жақында өткен титулдық жекпе-жекте Хамзат Чимаев оңтүстік африкалық Дрикус дю Плессимен кездесіп, жеңіске жеткен соң, рейтингте бірден он сатыға көтеріліп, 4-орынға жайғасқан еді. Ал бұрынғы 15-орында тұрған бразилиялық Чарльз Оливейра тізімнен шығып қалды. Оның орнын жартылай орта салмақта әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық Рахмонов иеленді.

P4P рейтингінің көшін жеңіл салмақ чемпионы, испан-тбилисилік файтер Илия Топурия бастап тұр. Ол бұған дейін UFC белдігін дәл сол Оливейрадан тартып алған болатын.

«Номад» өзінің соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізді. Онда ол ирландиялық Иэн Гэрриді қазылар шешімімен айқын басымдықпен ұтып шықты.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстаннан шыққан бірде-бір файтер UFC-дің P4P үздік 15 файтері қатарына енген жоқ. Шавкат Рахмонов осы тізімге қосылған алғашқы қазақстандық атанып, ел тарихында жаңа белес ашты.