ҚФФ басшылығы Қазақстандағы стадиондар құрылысына алаңдаушылық білдірді

Футбол
KazFootball.kz
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) техникалық директоры Геннадий Скуртул елде салынып жатқан жаңа стадиондар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz Pressball.by-ға сілтеме жасап.
— Қазір Қазақстанда көптеген жаңа ареналар бой көтеріп жатыр. Дегенмен мені алаңдататыны — басымдықтың ірі стадиондарға берілуі. Негізгі назарды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылымға да аудару керек деп ойлаймын. Соған қарамастан, Шымкентте жаңа стадионның салынатыны қуантады. Қызылордада арена құрылысы аяқталуға жақын. Ақтөбеде де жаңа нысан ашылады. Алматыда ескі стадион жабылып, оның орнына жаңа арена тұрғызу жоспарланып отыр, — деді функционер.
Айта кетейік, 53 жастағы молдавиялық маман Геннадий Скуртул ҚФФ құрамына биыл сәуір айында тағайындалған болатын.