“Барыстың” кибер командасы Болашақ ойындарына қатысады

“Барыстың” кибер командасы Болашақ ойындарына қатысады
Киберспорт

Бүгін Қазан қаласында (Татарстан) киберспорттан “фиджитал” ұрпаққа арналған Болашақ ойындары технологиялық турнирі басталып, оған қазақстандық “Barys Cyber Team” командасы қатысады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Спорт, киберспорт пен технологиялар біріктірілген жарыс 10 желтоқсанға дейін жалғасады. Қазақстандық кибер спортшыларға мәскеулік “Cosmos”, “Naebski” блогерлер командасы мен қазандық “Ақ Барс” клубы қарсы тұрады. 

Әр матчтың цифрлық және физикалық бөлімдері бар. Диджитал бөлімде командалар NHL-дің Threes Eliminator түрін ойнайды, әр кезеңнің ұзақтығы - 3 минут. Ал физикалық бөлімде матч 3х3 хоккей турнирінің ережесімен өтеді. Ойын әр кезеңі 7 минутқа жалғасатын үш кезеңнен тұрады.

Турнирде Қазақстан намысын қорғайтын команда құрамы: Асқар Алшынбек, Рустам Сүлейменов, Азал Мәмбетәлиев, Кирилли Орусский, Нұрлан Қабиев, Абай Мукушкин.