ROBOPARK.KZ ShymSide командасы Америкағадағы әлем чемпионатында үздік өнер көрсетті

ROBOPARK.KZ ShymSide командасы Америкағадағы әлем чемпионатында үздік өнер көрсетті
Киберспорт

Американың Хьюстон қаласында Әлемнің 164 елінен келген 50000 оқушы робототехникалық робот тапсырмалары мен инновациялық жобалар бойынша сынға түсті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Аталған жарысқа Қазақстанның FIRST LEGO League Challenge санатында FIRST Орталық Азия чемпионатының 120 команда ішінен топ жарған жеңімпазы “Robo Park робототехника және бағдарламалау мектебінің” ShymSide командасы еліміздің намысын бұл әлемдік додада қорғауға мүмкіндік алып, Америкаға аттанды.


Әлем біріншілігі дәстүрлі түрде жыл сайын бүкіләлем бойынша үздік өнертапқыштарды біріктіріп, Google, Amazon, NASA секілді инжинериялық және бағдарламалу компаниялар қолдауымен робототехникалық жарыстарын өткізеді.

ShymSide командасы қатысушылар арасында жарыстың негізгі құндылықтарын дәріптей отырып, үздік ойындардын бірін көрсетті. FIRST CHAMPIONSHIP медальдармен марапатталып, FIRST қозғалысының түлектері атты төс белгілері табысталды.

Өкінішке орай FLL Challenge категориясы бойынша Әлем чемпионы бола алмай қалды.Ең бастысы үлкен тәжірбие жинап,өздерін көрсете білді.

RoboPark робототехника және бағдарламалау мектебі, SHYMSIDE командасы, олардың ата-аналары атынан,бүкіл әлемдік FIRST жарысына SHIMSIDE командасының басты демеушісі Қайырымды қала қорына алғыстарын білдірді.