Counter-Strike 2 ойнаған 20 жастағы қазақстандық қанша тапты?

Counter-Strike 2 ойнаған 20 жастағы қазақстандық қанша тапты?
Киберспорт

PGLesport

Астанада Counter-Strike 2 ойыны бойынша PGL Astana 2025 турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Үшінші орын үшін өткен матчта Aurora мен FURIA командалары кездесті. Алғашқы картаны (Anubis – 13:10) FURIA ұтқанымен, келесі екі картада Aurora (екеуінде де – 13:6) мықтырақ болды.

Айта кетейік, бразилиялық FURIA командасы сапында өнер көрсететін 20 жастағы қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко (лақап аты – molodoy) да осы жарыста көзге түсті.

PGL Astana 2025 турнирінің жүлде қоры қалай бөлінді:

1 орын – Team Spirit: 425 000 доллар

2 орын – Astralis: 150 000 доллар

3-4 орын – Aurora және FURIA: әрқайсысы 125 000 доллар

Осылайша, molodoy қатысқан FURIA командасы да 125 мың доллар сыйақыға ие болды.