Әлем чемпионаты плей-офф кезеңінің 6 жұбы айқын болды

Әлем чемпионаты плей-офф кезеңінің 6 жұбы айқын болды
Киберспорт
Футбол

Футболдан Катардағы әлпм чемпионатының А, В, С, D, E және F топтарындағы 3-тур ойвндарының аяқталуы доп додасы плей-офф кезеңінің 6 жұбын анықтауға мүмкіндік берді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Әлем чемпионатының 1/8 финалы 3 желтоқсан күні Доха қаласында басталады. Әзірге белгілі болған плей-офф жұптары мен олардың матчы өтетін күндер келесідей: 

1-жұп. 3 желтоқсан. Нидерланд - АҚШ. 

2-жұп. 3 желтоқсан. Аргентина - Аустралия.

3-жұп. 4 желтоқсан. Франция - Польша.

4-жұп. 4 желтоқсан. Англия - Сенегал.

5-жұп. 5 желтоқсан. Жапония - Хорватия.

6-жұп. 6 желтоқсан. Марокко - Испания. 

Плей-офф кезеңіне алғашқылардың бірі болып жолдама алған Португалия мен Бразилия құрамаларының қарсыластары G және Н топтарындағы 3-тур ойындарынан соң анықталады.