«Tottenham Hotspur» клубының экс-директоры ҚФФ Бас хатшысы болуы мүмкін
Қазақстан футбол федерациясының Жарғысына сәйкес, ҚФФ президенті Марат Омаров Скотт Мунн кандидатурасын Атқарушы комитеттің қарауына ұсынып, Бас хатшы қызметіне бекітуді бастамашы етті.
Скотт Мунн — Еуропа, Азия және Аустралия нарықтарында 20 жылдан астам тәжірибесі бар халықаралық деңгейдегі футбол менеджері. 2023–2025 жылдары ол Tottenham Hotspur клубында футбол жөніндегі директор қызметін атқарып, клубтың барлық футболдық құрылымына жетекшілік етті. Оның кезеңінде команда 2024/25 маусымында УЕФА Еуропа лигасы жеңімпазы атанып, Англия Лига кубогының жартылай финалына дейін жетті.
Бұған дейін ол City Football Group құрылымында Қытайдағы жобаларды басқарған, сондай-ақ «Сычуань Цзюньню» клубының директорлар кеңесін басқарды. Сонымен қатар Melbourne City FC клубының алғашқы бас директоры ретінде ұйымның құрылу және даму кезеңінде маңызды рөл атқарды.