Ламин Ямаль футболдан әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін
Getty images
Барселона клубының жас жұлдызы Ламин Ямаль жарақат алып, алдағы маңызды турнирлерге қатысуы күмән тудырып отыр.
Испания чемпионаты аясында Сельтаға қарсы кездесуде 18 жастағы жартылай қорғаушы 40-минутта пенальтиден гол соққан. Алайда осы сәттен кейін ол сол жақ санның артқы бұлшық етінде ауырсыну сезіп, алаңнан мерзімнен бұрын кетуге мәжбүр болды.
Клубтың медициналық штабы футболшыны алаң үстінде тексеріп, тәуекелге бармау туралы шешім қабылдады. Алдын ала мәлімет бойынша, Ямальдың сан бұлшық етінде жарақат бар деген күдік бар. Егер диагноз расталса, қалпына келу мерзімі кемінде бес аптаға созылуы мүмкін.
Сонымен қатар, ауыр жарақат жағдайында оңалту мерзімі бірнеше айға созылса, футболдан әлем чемпионатының алғашқы ойындарына қатысуы да сұрақ астында қалып отыр.