Шавкат Рахмонов 2026 жылы октагонға оралмайды

Шавкат Рахмонов 2026 жылы октагонға оралмайды
Жекпе-жек

Әлеуметтік желі

Қазақстан ұлттық ММА федерациясының басшысы Сағындық Мекеев «Наш боец» арнасына берген сұхбатында қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың алдағы жоспарлары мен қалпына келу кезеңі туралы айтып берді.

Оның айтуынша, спортшының оңалту процесі жыл соңына дейін жалғасады. Жақында Германияға қайта аттанған Рахмонов толық қалпына келуге назар аударып отыр. Осыған байланысты қазақстандық файтердің 2026 жылы жекпе-жекке шығуы екіталай.

Сағындық Мекеевтің сөзінше, егер оңалту сәтті өтсе, Шавкат Рахмонов келесі жылдың қыс соңында немесе көктемде спортқа қайта оралуы мүмкін.

Айта кетейік, Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген болатын. 2026 жылдың басында ол UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінен шығарылған еді.