Неймар қазақстандық киберспортшы Данил Голубенкомен кездесті

Неймар қазақстандық киберспортшы Данил Голубенкомен кездесті
Басқа

Әлеуметтік желі

Қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко (molodoy) Сантос клубының ойыншысы Неймармен түскен суреттерін жариялады.

Фотоларда Голубенко «Сантос» клубының эмблемасы бейнеленген жейдеде көрінсе, кадрлардың бірінде ол Неймармен бірге қабырғада ілулі тұрған Лионель Мессидің жейдесі жанында суретке түскен.

21 жастағы Данил Голубенко — CS2 дисциплинасы бойынша Қазақстандағы үздік киберспортшылардың бірі. Семей қаласының тумасы 2025 жылдан бері FURIA Esports сапында снайпер рөлінде өнер көрсетіп келеді.