Grand Slam-нің қола жүлдесі Камила Берліқаштың еншісінде

Дзюдо
4-6 қараша күндері Әзербайжан астанасы Бакуде дзюдодан Үлкен дулыға кезеңі өтіп жатыр. Бүгін жарыс жолына шыққан отандастырымыздың арасынан Камила Берліқаш жұбаныш белдесуінде бақ сынап, турнирдің қола жүлдесін еншіледі.
78-ден жоғары салмақтағы қыздар арасындағы жұбаныш белдесуінде дзюдошымыз хорватиялық спортшы Тина Радичпен белдесіп, голденскорда жеңіске жетті.