Аман Бақытжан Париждегі Grand Slam қола жүлдегері атанды
Дзюдо
Аман Бақытжан. Сурет: IJF
Парижде дзюдодан Grand Slam бәсекесі басталды. Турнирдің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бір жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды BasSaport.kz тілшісі.
Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Аман Бақытжан жүлдеге таласты. Жартылай финалда отандасымыз украиналық Дильшот Халматовқа есе жіберіп, қола медаль үшін белдесті. Бұл сында Аман кубалық Джонат Чаронды жеңіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.