Елдос Сметов татамиге қайта оралды (ВИДЕО)

Елдос Сметов татамиге қайта оралды (ВИДЕО)
Дзюдо

Елдос Сметов / Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Дзюдодан 2024 жылғы Париж Олимпиадасынвң чемпионы Елдос Сметов жарақатынан айығып, татамиге қайта оралды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл туралы спортшының өзі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына видео жариялап, хабарлады.

”Ассалаумағалейкүм, Қазақ елі! Біз қазір оқу-жаттығу жиынындамыз. Татамидегі әр күн - жаңа деңгей, жаңа күш. Чемпиондық - еңбекпен сақталады. Жаңа белестерді бағындыруға дайындығымыз жалғасуда. Алға, тек алға!”, - деп жазды дзюдошы желідегі парақшасына. 

Еске салайық, 33 жастағы дзюдошы Париж Олимпиадасынан кейін ешқандай жарысқа қатысқан жоқ. Дзюдошы иығындағы жарақатына ота жасатып, ұзақ уақыт бойы оңалту кезеңінен өтті.