Париждегі Grand Slam-ге қатысатын дзюдошылар тізімі жарияланды

Париждегі Grand Slam-ге қатысатын дзюдошылар тізімі жарияланды
Дзюдо

Ғұсман Қырғызбаев / Сурет: Olympic.kz

Ақпан айының 7-8 күндері Парижде Grand Slam жарысы өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Халықаралық дзюдо федерациясы жарысқа қатысатын ұлттық құрамалардың алдын ала тізімін жариялады.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының сапына сегіз спортшы енді.

48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова

60 келіге дейін: Шерзод Давлатов

66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев

81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар

90 келіге дейін: Айдар Арапов

100 келіге дейін: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров.