«Астана» Ұлттық лиганың жаңа маусымының екінші ойынында «Атырау Барыстарына» қарсы ойыныңда жеңіске жетті

Баскетбол
«Атырау Барыстары» өткен ойында кеткен еселерін қайтаруға бел буып, екінші кездесуде «Астананы» таң қалдырды. Дегенмен, «Астана» ПБК қарсыластарының екпініне төтеп беріп, ойынды нәтижелі аяқтады.
Ойынның барысы: Бірінші кезең тең дәрежеде өтті. Осы он минуттағы есеп алты рет тең болып, қос қарсылас алма кезек есепте алға шығып отырды. Соңында "Астана" төрт ұпаймен алға шықты. 18:14. Ойынның екінші кезеңі де тең дәрежеде басталды, бірақ алаң қожайындары серпіліс жасады. "Барыстар" бұған жауап беріп, есептегі айырмашылықты бес ұпай жеткізд. "Астана" ойынның екінші кезеңінде тағы екі ұпай жинады. Нәтижесінде командалар үлкен үзіліске 39:33 есебімен аттанды.
Бірінші матчтың алғашқы жартысында болған оқиғаларды еске салайық. Үшінші кезеңде қонақтар қатты ұтылған еді. Бүгін бұл қайталанбады. Қонақтар алаң иелеріне есептегі алшақтықты айтарлықтай арттыруға мүмкіндік бермеді, бірақ «Атырау Барыстары» есепті теңестіре алмады. Айырмашылық сегізден төрт ұпайға дейін өзгерді, ал "Астана" соңғы кезең алдында 56:47 есебімен алда болды. Тоғыз ұпайлық айырмашылық соншалықты үлкен кедергі емес. Бұл есепті он минут немесе одан да аз уақыт ішінде еңсеруге болады. Елордалық команда ойын аяқталуға бес минут қалғанға дейін басымдылығын сақтап қалуға тырыстын. "Барыстардың" бұл ойынның өз пайдасына шешу мүмкіндігі бар еді. Олар соны барынша пайдалануға тырысты. Ойыншылардың жүйкелері сыр беріп, алаңда тағы да қақтығыстар болды. Бірақ, бұл жолы ешкімнің ойыннан шеттетілмеді. "Астана" жеңісті өз қолында ұстап қалды – 77:64.
https://www.youtube.com/watch?v=pbmJ4cbYEps
Шешуші сәт: бұл кездесуде бәрі матчтың соңына қарай шешілді. "Астана" ойын бойы ұпай бойынша алшақтығын сақтай отырып, матчты жеңіспен аяқтады.
Матчтың үздік ойыншысы: "Астана" клбуының ойыншысы Даниил Аксенов үздік атанды.
Матч көшбасшылары:
- "Астана": Даниил Аксенов (19 ұпай, 5 допты алу, 2 пас, 2 тосқауыл), Майкл Майерс (10 ұпай, 6 доп алу), Вадим Щербак (12 ұпай, 1 блокшот).
- "Атырау барысы": Рустам Өтеген (13 ұпай, 7 допты алу, 5 па , 6 тосқауыл, 1 блокшот), Эрик Макгилл (24 ұпай, 5 рет допты алу, 2 пас, 1 блокшот), Дэвин Гилмор (13 ұпай, 12 допты алу, 2 пас)