Ақмарал Ерекешева Грекиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

Ақмарал Ерекешева Грекиядағы жарыстың жеңімпазы атанды
Гимнастика

Ақмарал Ерекешева. Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Ақмарал Ерекешева Афинада өтіп жатқан Aphrodite Cup турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілішісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Отандасымыз көпсайыс қорытындысы бойынша алтын медаль жеңіп алды. Ерекешева жалпы есепте 109,7 ұпай жинады.

Екінші орынды Румыния спортшысы Андреа Вердес иеленді - 104,250 ұпай. Ал үздік үштікті Болгария өкілі Дара Стоянова түйіндеді - 103,450 ұпай.