Дзюдо: Ғабит Расулхан кадеттер арасындағы ӘЧ-де топ жарды

Дзюдо: Ғабит Расулхан кадеттер арасындағы ӘЧ-де топ жарды
Жекпе-жек

ҰОК

Эквадордың Гуаякиль қаласында кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 5 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.  

60 келіге дейінгі салмақта белдескен Ғабит Расулхан финалда канадалық Роман Семирозумды жеңіп, әлем чемпионы атанды. Күміс жүлдеге 50 келіге дейінгі салмақта Әділжан Нұрбекен мен 40 келіге дейінгі салмақта Әдия Жанахмет ие болды. Ал 50 келіге дейінгі салмақта Бекарыс Құдайберген мен 60 келіге дейінгі салмақта Ахмет Баубек қола жүлдегер атанды.