Батырхан Төлеуғали мен Назым Махмұтова Пәкістандағы турнирде үздік шықты

Батырхан Төлеуғали мен Назым Махмұтова Пәкістандағы турнирде үздік шықты
Басқа

ҰОК

Қазақстандық таеквондошылар Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде ел қоржынына тағы екі медаль салды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.

Батырхан Төлеуғали мен Назым Махмұтова жарыста жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді. Төлеуғали 87 келіге дейінгі салмақта қарсыластарының бәрінен басым түссе, Махмұтова 73 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Айта кетейік, бұған дейін Нұрай Бауржанова, Рита Бакишева (49 келіге дейін) және Азим Ниязов (63 келіге дейін) қола жүлдеге ие болған еді.